Халықаралық байланыстар

Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты бірқа-тар Халықаралық ғылыми орталықтар мен алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарымен байланыс жасайды: 1999 жылдан – құрғақ аймақтарда аграрлық зерттеулердің Халық-аралық ғылыми орталығымен (ИКАРДА), бидай мен жүгері сорттарын жақсарту Халықаралық орталығымен (СИММИТ), 2005 жылдан – су қорларын басқару Халықаралық институтымен (ИВМИ).

Ғылыми зерттеу жұмыстар (ҒЗЖ) су қорларын басқару, суғару технологиясы мен техникасы, суару жүйесін техникалық жетілдіру, су шаруашылығы экономикасы салаларында үлкен ғылыми және практикалық тәжірибесі бар институттың қызметкерлер тобымен атқарылады. Атқарылатын ҒЗЖ маңыздылығы суды тұтыну мен суды тарту, суармалы топырақтың тозуын азайту, ауылшаруашылық өндірісінің стандартты емес технологиясын ендіру арқылы суармалы жерлерде ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттырумен айқындалады.

Далалық зерттеулер нысаны болып Сырдария өзенінің орталық ағысындағы Мақтаарал аймағы мен Оңтүстік Қазақстан облысындағы Арыс-Түркестан канал аймағы алынған. Бұл аймақта жер мен су қорының ескіріп, тозуынан болатын тіршіліктің жойылу әсері өте жоғары, ал азық-түлікпен қамтамасыз етілу мен фермерлердің табысы қауіп-қатерге толы.

Зерттеу мақсаты:

Егін-жай өнімділігінің төмендеуі, топырақ құнарлылығының азаюына әсер ететін табиғи қорлардың тозып, ескіруіне қарсы күреске белгілі бір стратегия арқылы «ашық дақтар»-дың пайда болуына мүмкіндік ететін негізгі факторларды айқындау мен ауылшаруашылық өндірісінің стандартты емес иехнологиясын енгізу жердің сапасын сақтайды және «қолайлы ошақ» бола бастайды.

Халықаралық жоба бойынша ғылыми зерттеулер «Жер және су қорларының тозып, ескіруіне қарсы күреске «Ашық дақтар» тудыру жолымен Арал теңізі алабындағы ауылдық қауымдастыққа қолайлы жағдай жасау» Қазақстанның оңтүстігіндегі ауылшаруашылық өнімділігін арттыруда өте актуалды болып саналады.

Институттың қызметкерлері мамандығын ұштау мен практикалалық іс-тәжірибелерін жинақтауды оқу курстарына, халықаралық мекемелермен ұйымдастырылатын тренингтерге қатыса отырып іске асырады.

 
 
Біздің адрес: Қазақстан, 080003, Тараз қаласы, Қ.Қойгелді көшесі, 12
Қазақ Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
Тел.: 8 (7262) 425540 8 (7262) 426071 8 (7262) 525333

E-mail: kiwr-t@mail.ru, IWRE@bk.ru
Институт туралыҒылыми - зерттеулік және тәжірибелі - конструкторлық бағыттарЗерттемелер мен жетiлдiктерХалықаралық байланыстарҚарымқатынасКерi байланысМемлекеттік тіл саясаты
 
 Developed by ISD.© Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты. 2017. All Rights Reserved.