Зерттемелер мен жетiлдiктер

Су шаруашылық ғылыми-зерттеу институты дайындаған құжаттар


Құрғақ жайылымды суландыру мен бақылудың ғылыми-техникалық негізі

Дайындалған ұсыныстардың қысқаша мазмұны

құрғақ жайылымды суландыру мен бақылудың ғылыми-техникалық негізі жасалды, жүргізілген зерттеулер нәтижесінде жасалды:
а) мал-азық сиымдылығы мен өнімділігі өлшемінің көрсетуімен Қазақстан Республикасы жайылым аймағының орналасу карта үлгісі;
б) жер асты суларын қолдану бойынша Қазақстан Республикасы аймағын аудандастырудың карта үлгісі;
в) ұсынылатын шабындық пен жайылымды пайдалану мен мал-шаруашылығын дамыту аймақтарының карта үлгісі;
г) жайылым аймағын тиімді суландыру бойынша ұсыныстар. Ұсыныстарда жайылымды суландыруды ұйымдастыруға қажетті табиғат қорғау іс шаралары мәселесіне үлкен мән беріледі.

Қолдану аумағы, бәсекелестік қабілеттілігі және патенттердің болуы

Қоршаған ортаны қорғау мен жайылым аймағын тиімді суландыру мәселесі мамандық ретінде қызығушылық тудыратын ғылыми-зерттеу, жобалау, оқу-өндірістік мекемелер мен кәсіпорындар

Жобаның технико-экономикалық негізделінуі

Аяқталған ғылыми жаса-лымдарды енгізу мал өнімділігін 15-20% кө-бейту мен жайылымдық жердің өнімділігін гекта-рына 7-8 ц дейін артты-руды қамтамасыз етуі мүмкін.

Жобаның авторлары

т.ғ.к. Қасымбеков Ж.К.
т.ғ.к. Ни Н.П.
Мусекенова Ж.М.


Оңтүстік-Батыс Балқаш өңірін сумен қамтуды жақсарту жөніндегі табиғат қорғау мен техноло-гиялық іс-шаралар

Дайындалған ұсыныстардың қысқаша мазмұны

Жоғары деңгейдегі апатпен жұмыс істейтін Оңтүстік-Батыс Балқаш өңірі су құбыр жүйелерінің техникалық жағдайына талдау жасалды. Құм басқан түтікті құдықтарда сорғының жұмыс тетіктері абразивті қажалудан оның жұмыс істеу мерзімі азайған. Абразивтік қажалудан сорғының жұмыс тетіктерін сақтауға арналған гидро-циклонды қондырғының жаңа құрылымы (ҚР патенті № 10946), сонымен қоса тегеуірінді су құбырларда ауаны шығаруға арналған жетілдірілген вантуз жасалған. Жаңа құрылымдарды өндірістік жағдайда сынақтан өткізді. Қабылдау сынағының нәтижесі құм басқан құдықтан суды тазалау мен көтеру, ұсынылған вантуз құрылымы арқылы су құбыр желілерінен ауаны шығарудың іске асырылған технологиялық процесстерін өндіріске енгізудің тиімділігі мен мүмкіншілігін көрсетті.

Қолдану аумағы, бәсекелестік қабілеттілігі және патенттердің болуы

АӨК жүйесінде жайылымды сулан-дыру мен ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыс атқаратын кәсіпорындар. ҚР патенті №10946, 15.11.2001ж., бюллетень № 11.

Жобаның технико-экономикалық негізделінуі

Түтікті құдықты жаңа шаю саптамасын қолда-ну арқылы тазалауда ЭЦВ-10-63-110 түріндегі сорғының су өтімі бас-тапқымен салыстырған-да 5% ұлғаяды, ал құм басқан түтікті құдықтан суды жоғары көтеруде 10%ұлғаяды. Жетілдірілген вантуздың жұмыс істеу тиімділігі кәдімгі вантузбен салыс-тырғанда 1,5 есеге жоға-ры.

Жобаның авторлары

т.ғ.к. Қасымбеков Ж.Қ.
Амангелдиев С.С.
Телғараевава Г.Е.


Елді мекендер, АӨК кәсіпорындары мен фермерлік шаруашы-лықтарды сумен қам-тамасыз ету техноло-гиясы мен тиімді үлгі-сін жасау

Дайындалған ұсыныстардың қысқаша мазмұны

Ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз етудің қазргі жағдайын айқындайтын жиналған деректер бойынша ауылды мекендерді сумен қамтамсыз ету негізінен жер асты сулары арқылы (80%) іске асырылатыны анықталды, оның ішінде 40% астамы минералдандырылған, 5% жуығы жүзіндіден тазалауды талап етеді, 80% тақау темірсіздендіру мен тұрақтандыруды керек етеді.Сумен қамтамасыз ету технологиялық үлгі-сінің нұсқасын таңдау үшін ауыз су сапасын жақсартуды қамтамасыз ететін сумен қамтамасыз ету жүйесін қайта жасау мен қалпына келтіру бойынша эколого-эконо-микалық регламент жасалған.Құм басқан түтікті құдықтың жұмыс істеу технологиясы, механикалық қоспалармен суды жоғары көтеруге арналған техникалық құралдар және АӨК әртүрлі нысандарын тиімді сумен қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар жасалған.

Қолдану аумағы, бәсекелестік қабілеттілігі және патенттердің болуы

Елді мекендерді, АӨК кәсіпорындары мен фермерлік шаруашылықтарды сумен қамтамасыз ету. ҚР патенті № 12759, 07.08.2001 ж. мен №12964 21.09.2003 ж.

Жобаның технико-экономикалық негізделінуі

Жоба нәтижелерін өнді-ріске енгізу СаНПиН талаптарына сәйкес елді мекендерді ауыз сумен қамтамсыз етуге мүмкін-дік береді.

Жобаның авторлары

т.ғ.к. Гранкин Ю.Я.
т.ғ.к. Тумлерт В.А.
Рыбинцев Ю.П.


Дәстүрлі емес технологияны қолдану арқылы шұратты суармалаудың үдемелі әдісі

Дайындалған ұсыныстардың қысқаша мазмұны

Қуаң табиғат көрінісінің табиғи әлеуетіне және мен мал азығы мен азық-түлік дақылдарын өсіру технологиясының ерекшелігіне, ортаның экологиялық өлшемі мен оңтүстік Қазақстан өңірінің жайылым аймағында жекелеген мал азық өндірісінің экономикалық көрсеткішіне баға берілген.

Аймақтық өңір анықталған, қабылданған ауылшаруашылық дақылдарын өсіру технологиясы өлшемдеріне баға берілген, қуаң және жартылай қуаң дала табиғат көрінісі экологиялық жағдайының нақты көрсеткіштері мен критерийлі факторлары анықталған, өсірілетін дақылдардың суару тәртібі мен мөлшері түзетілген, суару техникасының элементі мен технологиясы, шұратты суармалау жағдайына қатысты негізгі экономикалық көрсеткіштер анық-талған.

Қолдану аумағы, бәсекелестік қабілеттілігі және патенттердің болуы

Оңтүстік Қазақстанның қуаң дала аймағында мал азығы өндірісінің ауылшаруашылық нысандары. Елімізде аналогы жоқ.

Жобаның технико-экономикалық негізделінуі

Өндіріске енгізудің экономикалық тиімділігі гектарына 7000-9000 тенге құрайды.

Жобаның авторлары

т.ғ.к. Жданов Г.Н.
т.ғ.к. Алиев А.И.


Күрішті суғару атты фермерлерге арналған көмекші құрал..

Дайындалған ұсыныстардың қысқаша мазмұны

Көмекші құралда күріш өсірудің негізгі ережелері келтірілген: топырақтың тұздану дәрежесіне және арам шөптермен ластануына байланысты, күріш чектерін себуге және су бастыруға дайындалуы, күріш пен күріштің ауыспалы егістігіндегі дақылдардың (жоңышқа) суғару тәртібі мен техникасы.

Қолдану аумағы, бәсекелестік қабілеттілігі және патенттердің болуы

Көмекші құрал агробірлестік мамандарына, күріш өсіретін шаруа қожалықтарына және фермерлік шаруашылықтарына, сонымен қатар су шаруашылығы ұйымдарының мамандарына арналады.

Жобаның технико-экономикалық негізделінуі

Күріш өсіретін агробірлестіктерде ұсыныстарды қолдану барысында суғармалы гектардың сапалық көрсеткіштерінің көтерілуіне, су қорларын тиімді пайдалануға және 10-15%, материалды және еңбек ресурстарын 15-20% үнемдеуге мүмкіншілік туады.

Жобаның авторлары

а-ш.ғ.к. Кван Р.А.
а-ш.ғ.к. Парамонов А.И.
Цхай М.Б.
Қалдарова С.М.


Қазақстанның оңтүстігіндегі агробірлестіктерде ауыл шаруашылық дақылдарын суғаруды жоспарлау және басқару.

Дайындалған ұсыныстардың қысқаша мазмұны

Күріш пен күрішті ауыспалы егістігіндегі дақылдарды суғару атты ұсыныс. Ұсыныста күріш өсірудің негізгі ережелері келтірілген: топырақтың тұздану дәрежесіне және арам шөптермен ластануына байланысты, күріш чектерін себуге және су бастыруға дайындалуы, күріш пен күріштің ауыспалы егістігіндегі дақылдардың (жоңышқа) суғару тәртібі мен техникасы.

Қолдану аумағы, бәсекелестік қабілеттілігі және патенттердің болуы

Ұсыныс агробірлестік мамандарына, күріш өсіретін шаруа қожалықтарына және фермерлік шаруашылықтарына, сонымен қатар су шаруашылығы ұйымдарының мамандарына арналады.

Жобаның технико-экономикалық негізделінуі

Күріш өсіретін агробірлестіктерде ұсыныстарды қолдану барысында суғармалы гектардың сапалық көрсеткіштерінің көтерілуіне, су қорларын тиімді пайдалануға және 10-15%, материалды және еңбек ресурстарын 15-20% үнемдеуге мүмкіншілік туады.

Жобаның авторлары

а-ш.ғ.к. кван Р.А.,
а-ш.ғ.к. Парамонов А.И.,
Цхай М.Б.,
Қалдарова С.М.


Синхрондық импульстік жаңбырлатқыш комплектісі (КСИД-10)

Дайындалған ұсыныстардың қысқаша мазмұны

Метеорологиялық жағдайлар мен топырақтың негізгі қабатындағы ылғал қорының өзгеруін ескеріп, өсімдіктің суды пайдалануына сәйкес, судың берілуін қамтамасыздандыратын импульстік суғарудың автоматты түрде жұмыс атқаратын жүйесі.

Қолдану аумағы, бәсекелестік қабілеттілігі және патенттердің болуы

Жер бедері күрделі және ылдилығы 0,3 дейін жететін, топырақтары нашар, су өтімі төмен болатын су көздерін қолдану мүмкіншілігі бар учаскелерде өсірілетін ауыл шаруашылық және басқа да дақылдарды суғаруға арналған. Техникалық жаңалықтар СССР № 880358, 886846, 1042681, 1192726, 1205833 авторлық куәліктерімен қорғалған.

Жобаның технико-экономикалық негізделінуі

Кәдімгі жаңбырлатумен салыстырғанда жемісті дақылдар мен көпжылдық шөптер өнімділігінің 11-28% артуын қамтамасыз етеді.

Жобаның авторлары

т.ғ.к. Калашников А.А.
т.ғ.к. Жарков В.А.
Калашникова Л.П.


Төмен қысымды тамшылатып суғару комплектісі

Дайындалған ұсыныстардың қысқаша мазмұны

Ол су бөлістіру механизмінен, су тарататын құбырлардан, су тамшылайтын түтікшелерден, тройниктер мен жеткізетін құбырдан тұрады. Автоматты жұмыс тәртібінде ауданы 0,01 га дейін болатын суғару танабындағы әр өсімдікке тәулігіне 5,0 л-ге дейін судың берілуін қамтамасыз етеді.

Қолдану аумағы, бәсекелестік қабілеттілігі және патенттердің болуы

Модульдік комплект кішігірім учаскелерде өсімдікті суғаруда қолданылады. Модульдің комплектілігі ауданы 1 га және одан да көп болатын жерлерде суғару жүйелерін жасау мүмкіншілігін туғызады. Техникалық жаңалығына тапсырыс 2006 ж. РГКП «НИИС» жіберілді.

Жобаның технико-экономикалық негізделінуі

0,02 МПа дейінгі жұмыс қысымын қолдану арқасында, энергия шығындары тамшылатып суғару жүйелерімен салыстырғанда 50-60% және жер бетімен суғарғанға қарағанда су 40-60% үнемделді.

Жобаның авторлары

т.ғ.к. Калашников А.А.
т.ғ.к. Жарков В.А.
Калашникова Л.П.


Су ағынының энергиясын пайдалану арқылы ашық су көздерінен суды көтеруге арналған құралдар (гидравликалық таран)

Дайындалған ұсыныстардың қысқаша мазмұны

Ашық су көздерінен (өзендерден, ағыстардан және т.б.) жоғары орналасқан учаскелерге суды гидравликалық соққымен көтеретін гидравликалық таран жасалынды.

Қолдану аумағы, бәсекелестік қабілеттілігі және патенттердің болуы

Гидравликалық таран фермерлік және басқа да шаруашылықтарды сумен қамтамасыздандыру және суғару салаларында қолданылады.

Конструкциясы Қазақстан Республикасының 09.10.1998 ж. № 9160 патентімен және 17.11.2003 ж. № 15860 патенті-мен қорғалған.

Жобаның технико-экономикалық негізделінуі

Энергия шығындарының болмауынан бір қондырғының жылдық экономикалық тиімділігі 72 мың теңге құрайды.

Жобаның авторлары

т.ғ.к. Калашников А.А.
т.ғ.к. Жарков В.А.
Кандрин М.И.
Калашникова Л.П.
Мирдадаев М.


Суды таратуды және ауыл шаруашылық дақылдарын суғаруды автоматтандыру технологиясы

Дайындалған ұсыныстардың қысқаша мазмұны

Автоматтандырылған суғару модулінің (АСМ) макеттік үлгісі жасалды. Ол атқарушы органнан, программатордан, өшіру клапанынан құралады. АСМ қолданылатын қысымның өзгерісі 0,5-1,5 м арасында, пайдаланатын су шығыны 20-30 л/с, жүйектегі су өтімі 0,5-2 л/с, модульдің өлшемдеріне байланысты бекітілген бір маусымдық ауданы 20-30га құрайды.

Қолдану аумағы, бәсекелестік қабілеттілігі және патенттердің болуы

Ашық өздігінен ағатын және төмен қысымды суғару желісінен судың автоматты түрде таралуы мен суғарылуы іске асырылады. Әр учаскенің алдын ала арнайы жасалған бағдарламасы бойынша жұмыс істейді. Ұсынылып отырған модуль бойынша (АСМ) 22.01.2004 ж. №15059 «Суды реттестіруді басқару жүйесінің бағдарламалық құралы» үшін предпатент, 15.07.2005 ж. №15882 «Суғару құралы» үшін предпатент алынды.

Жобаның технико-экономикалық негізделінуі

Базалық нұсқамен салыстырғанда (ППА-165У) 1 га келетін еңбек шығыны 2,7 есе, негізгі шығыны 1,25 есе азаяды. Суғару біркелкілігінің арту барысында өнімділік 10% дейін көтеріледі.

Жобаның авторлары

т.ғ.к. Н.Б. Атшабаров
т.ғ.к. Тәттібаев А.А.
Тәттібаев Х.А.


Жүйек жотасына себілген күздік бидайды өсірудің суды үнемдеу технологиясы

Дайындалған ұсыныстардың қысқаша мазмұны

Суғарудың суды үнемдеу технологиясы, жартылай механизациялау құралдарын пайдаланып, жүйектер арқылы өзгермелі ағыншамен суғару барысында іске асырылады.

Қолдану аумағы, бәсекелестік қабілеттілігі және патенттердің болуы

Жаппай себілетін дақылдарды суғаруда қолдануға ұсынылады (іс жүзінде Жамбыл облысының Меркі және Жамбыл аудандарында күздік бидай өсірілді)

Жобаның технико-экономикалық негізделінуі

2004-2005 жылдары Жамбыл облысы Меркі ауданындағы «Победа» ӨК ауданы 32 га болатын жерлерде ендірілген себілген жүйектермен суғарудың суды үнемдеу технологиясының жылдық экономикалық тиімділігі 650211,2 теңге болды

Жобаның авторлары

т.ғ.к. Калашников А.А.
т.ғ.к. Жарков В.А.
Садретдинов М.С.
Калашников П.А;


Суғармалы жерлерде ресустарды үнемдейтін және топырақтың құнарлығын арттыратын суғару және тұзсыздандыру технологиялары

Дайындалған ұсыныстардың қысқаша мазмұны

Қазақстанның суғармалы жүйелерінде суарудың, тұзданған жерлерді шаюдың, химиялық мелиорацияның әр түрлі технологияларын және судың минералдылығының, шайынды суларды пайдалану арқылы масса алмасу құбылысының параметрлері анықталды. Ресурстарды үнемдеу технологиялары өңделді: инфильтрация шамасын төмендететін ауыл шаруашылығы дақылдарын жүйек ара суғару; жер асты суларын субирригацияға пайдалану; кәріз-қашыртқы суларын тезегіш арқылы басқару;

фосфогипс енгізу арқылы сортаң жерлерді сортаңсыздандыру; тұзданған жерлерді шаю арқылы тұзсыздандыру. Бұл технологиялар суғару, шаю суларының мөлшерін кемітіп, қоректік заттардың топырақ қабатынан шайылуын төмендетеді.

Қолдану аумағы, бәсекелестік қабілеттілігі және патенттердің болуы

Ғылыми-зерттеу нәтижелерін Қазақстанның суғармалы жерлерінде, су жүйелерін жобалауда пайдалануға болады. Зерттеу нәтижелері негізіде өңделген технологияларға 6 алдын ала патент алынды.

Жобаның технико-экономикалық негізделінуі

1 га түсетін табыс 20-70 мың теңгені құрайды.

Жобаның авторлары

а.ш.ғ.к. Бекбаев Р.К.,
а.ш.ғ.к.Вышпольский Ф.Ф.,
а.ш.ғ.к. Койбакова Е.С.,
а.ш.ғ.к. Жапаркулова Е.Д.,
т.ғ.к. Казыкенова Г.В.,
Бекбаев У.К


Ауылшаруашылық тұ-тынушыларға су беру қызметі тарифтарын дифференциациялау (әдістемелік ұсыныс-тар)

Дайындалған ұсыныстардың қысқаша мазмұны

Суғару тарифтарын мына бағыттар мен белгілер бойынша дифференцияциялау ұсынылып отыр: меншік және шаруашылық құру түрлеріне байланысты гидро-мелиоративтік жүйе (ГМЖ) тізбектері; еліміздің табиғм-климаттық және экономи-калық аймақтары мен өңірлері; ГМЖ-ның техникалық деңгейі; экономиканың мақсатты бағыттары мен салалары; сушаруашылық объектілерінің мезгілдік жұмыс істеуін есере отырып және т.б.

Қолдану аумағы, бәсекелестік қабілеттілігі және патенттердің болуы

Суармалы жерлерді сумен қамтамасыз ету қызметін көрсететін сушаруашылық ұжымдар, су қорларын басқаратын, табиғи монополистер қызметін тарифтайтын мемлекеттік органдар және суармалы егіншілік аймақтарындағы ауылшаруашылық тауар өндірушілер мен олардың бірлестіктеріне ұсынылып отыр. Жобалық және оқу жүйесінде де қолданылуы мүмкін

Жобаның технико-экономикалық негізделінуі

Дифференцияланған тарифтарды қолдану шаруашылық жүргізетін субъектілер – сушаруа-шылық ұжымдары, ауыл-шаруашылық тауар өнді-рушілер-су пайдалану-шылар және мемлекеттің экономикалық мүдделе-рінің түрақты тепе-теңдігін қамтамасыз етеді және де егіншілік аймағында су қорларын үнемдеуге мүмкіндік береді

Жобаның авторлары

проф., э.ғ.д. Мұхамеджанов В.Н.
э.ғ.к. Мүсекенов М.М.
э.ғ.к. Мирсаитов Р.Г.
э.ғ.к. Жексембин Б.Б.
Гриценко Н.В.


Суармалы егіншілік өнімдерінің тиімділігі мен бәсекелестік қабілеттілігін көтеруге ұсыныстар

Дайындалған ұсыныстардың қысқаша мазмұны

Мына мәселелер қарастырылып, дайындалған:
- суармалы егіншіліктің нормативтік-құқықтық базасы мен оның дамуына мемлекеттік көмекті жетілдіру;
- суармалы егіншілікті қаржымен қамтамасыз ету және суармалы жерлерде сушаруашылық қызметін инвестициялауды белсенділеу;
- мелиоративтік жүйелерді модернизация мен реконструкциялауға бағытталған техникалық саясат;
- суармалы егіншіліктің дамуын ғылыми, кадрлық және ақпараттық қамтамасыз ету

Қолдану аумағы, бәсекелестік қабілеттілігі және патенттердің болуы

Мелиорация мен су шаруашылығы-ның даму жобалары, аймақтық және республикалық бағдарламалар мен концепцияларын дайындауда қолданылады

Жобаның технико-экономикалық негізделінуі

Ұсыныстарды қолдану суармалы егіншілік өнімдерінің тиімділігі мен бәсекелестік қабілеттілігін көтеруге мүмкіндік береді. Мұның әсіресе Қазақстанның ДСҰ кіруі жағдайында маңызы зор

Жобаның авторлары

проф., э.ғ.д. Мұхамеджанов В.Н.
э.ғ.к. Мүсекенов М.М.
э.ғ.к. Мирсаитов Р.Г.
э.ғ.к. Жексембин Б.Б.
Гриценко Н.В.

 
 
Біздің адрес: Қазақстан, 080003, Тараз қаласы, Қ.Қойгелді көшесі, 12
Қазақ Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
Тел.: 8 (7262) 425540 8 (7262) 426071 8 (7262) 525333

E-mail: kiwr-t@mail.ru, IWRE@bk.ru
Институт туралыҒылыми - зерттеулік және тәжірибелі - конструкторлық бағыттарЗерттемелер мен жетiлдiктерХалықаралық байланыстарҚарымқатынасКерi байланысМемлекеттік тіл саясаты
 
 Developed by ISD.© Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты. 2017. All Rights Reserved.