Институт туралы

Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты 1950 жылы ұйымдастырылған. Институт республикамыздағы су қорларын ұтымды пайдалану, жерді мелиорациялау және суғару, сонымен қатар ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыздандыру бағытында жұмыс істейтін басты ғылыми мекеме.

СШҒЗИ еліміздің барлық аймақтарында жүргізген өзінің көпжылдық зерттеулер нәтижелері, халықаралық ұйымдар мен көрші мемлекеттермен ғылыми қарым-қатынасының мол тәжірибесі, патенттер мен өнертабыстары түрінде бай ғылыми-техникалық патенциалы, ғылыми еңбектер, монографиялар жинақтары және ғылыми-әдістемелік ұсыныстары бар, сонымен қатар институт үнемі халықаралық көрмелер мен конференцияларға қатысады.

СШҒЗИ қызметінің мынандай басты бағыттары бар:

  • су қорларын болжау және бағалау, оларды өзен алаптарында ұтымды пайдалану, табиғи-экологиялық объектілердің суды тұтынуын негіздеу;
  • ауыл шаруашылық дақылдарын суғарудың технологиясы мен техникалық құралдарын жасау, суғару мен суды көтерудің механизациясы, ауыз су сапасын жақсарту;
  • гидромелиоративтік жүйелерді басқарудың үйлесімділігі, олар үшін бақылаудың бағдарламалық мен техникалық құралдарын жетілдіру, суды реттестіру және тарату, гидромелиоративтік жүйелердің экологиялық-экономикалық паспортизациясы;
  • жайылымдарды суландыру және ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыздардыру жүйелеріндегі жөндеу-іске қосу жұмыстарын жүргізу үшін, механизациялау технологиялары мен құралдарын, жайылымдарды суландыру жүйелері мен құрылымдарын пайдаланудың тиімді әдістерін ендіру;
  • суғармалы егіншіліктегі суды басқарудың экономикалық механизмін жетілдіру, нарықтық экономика жағдайында су-жер қорларын тиімді пайдалану;
  • ирригация мен гидротехниканың әр бағытының дамуы бойынша концепцияларды, жобаларды және іс жоспарларын дайындау;
  • АӨК су шаруашылығы секторы бойынша консультациялық көмек көрсету;
  • мелиорация мен су шаруашылығы саласында ғылыми-техникалық және нормативті-әдістемелік құжаттарды жасау, инженерлік-геодезиялық ізденістерді орындау, инженерлік жүйелер мен желілерді жобалау, жобалардың арнайы тарауларын жасау, гидротехникалық құрылымдардың, ирригациялық және мелиоративтік жүйелердің технологиялық жобалануы;
  • ендірілетін шаралар бойынша жөндеу, іске қосу, атқарылатын қызметіне сай қондыру және метрологиялық жұмыстар жүргізу;
  • су шаруашылығы секторы қызметінің түрлі бағыттарына сай курстарда және семинарларда оқытуды ұйымдастыру;
  • жоғары дәрежелі ғылыми мамандарды дайындау – аспирантураның келесі мамандықтары бойынша: жерді мелиорациялау, қалпына келтіру және қорғау, гидротехникалық құрылыс, халық шаруашылығының экономикасы мен басқарылуы, геоэкология.

Институт мамандарының біліктілігі, инженерлік есептеулер мен экономикалық бағалардың сенімділігін және тез орындалуын қамтамасыз ететін қазіргі копмьютерлік технологиялардың қолданылуы, ғылыми-зертхана қоры мен озат-тәжірибелік өндірісі жұмыстың сапалы орындалуына кепіл болады.

 
 
Біздің адрес: Қазақстан, 080003, Тараз қаласы, Қ.Қойгелді көшесі, 12
Қазақ Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
Тел.: 8 (7262) 425540 8 (7262) 426071 (72622) 22750

E-mail: kiwr-t@nursat.kz, IWRE@nursat.kz
Институт туралыҒылыми - зерттеулік және тәжірибелі - конструкторлық бағыттарЗерттемелер мен жетiлдiктерХалықаралық байланыстарҚарымқатынасКерi байланысCатып алу
 
 Developed by ISD.© Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты. 2006. All Rights Reserved.